Алматы облысының тұрғыны азаматтарды арзан көлік алып беремін деп алдаған

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда 36 жастағы азамат қала тұрғындарын арзан көлік алып беремін деп алдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс бойынша Алматы облысының тұрғыны 36 жастағы Ж.есімді азамат күдікке ілінді.

"Істің мән-жайына сәйкес, күдікті, таныстарын алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы арзан бағада автокөлік сатамын деген желеумен олардың ақшасын иемденіп алған. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 5 эпизод анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол қамауда отыр", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды