Стамбұлда қазақ мейрамханасы ашылды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Стамбұлдың тарихи орталығы Лалели шағын ауданында қазақ дәмханасы ашылды.

Бауырсақ пен қазы, қымыз бен қуырдақ ұсынатын мейрамхананың ашылуына жергілікті қандастарымыз бен Стамбұлда жүрген отандастарымыз жиналды.

Ақсақалдар бата беріп, жастар ән айтып, кішігірім мерекеге айналды, деп жазады qazaqstan.tv.

Атамекеннен алыста жүріп, ұлттық дәмді аңсаған қазақтар бұл жерде шәй ішіп қана қоймай бас қосып әңгіме-дүкен құрады.

"Стамбұлдың дәл ортасында осындай қазақ дәмханасының ашылуы біз үшін де қуанышты жағдай. Ет жеп сүтті шәй ішу үшін өзіміз де, достарымыз да бұл жерге енді жиі келіп тұратын боламыз. Қазақ дәмін аңсаған адамдар үшін өте жақсы болды. Жұмыстарына береке тілеймін!" Рашида Юксел, Стамбұл қаласының тұрғыны
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін