Шу қаласының тұрғыны ауласында түйеқұс өсіріп отыр

Сурет: pixabay
Шу қаласының тұрғыны африка түйеқұстарын ауласында көбейтуді бастады. Сергей Балғабаев 4 бас түйеқұсты 5 млн теңгеге сонау Африкадан Алматы арқылы алдырыпты.

Әр қайсысының бойы екі метр, салмағы 80 келіден асады. Ендігі мақсаты ет бағытында құс санын көбейту. Өйткені түйеқұстың еті жылқыныкінен кем емес дейді.

Келісінің құны нарықта 15 мың теңгеге дейін бағаланады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан түйеқұс санын 50-ге жеткізу жоспарында бар. Әзірге кәсіпкер әкімдіктен 2 гектар жер алған.

"Төртіншісін сойып саттық. Инкубатор сатып алдық, 20 балапан шығады. 42 күн басылады. Субсидия берілсе жақсы болар еді, бізге көмек болар еді." Сергей Балғабаев, шаруа

Етінен бөлек, терісі мен тұяғына дейін сұранысқа ие. Мәселен, түйеқұс тырнақтары ішік пен тон тігуде түйме жасауға таптырмайды. Ал қылыштай кірпігінен суретшілердің қылқаламы жасалады. Ал терісінің құны 200 АҚШ долларына дейін барады екен. Бірақ мұндай пайдаға кенелу әзірге арман ғана. Ал аймақтағы Ауыл шаруашылығы басқармасы Сергей секілді кәсіпкерлер көбейсе ғана қаржы қаралуы мүмкін деп отыр.

Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін, өнім сапасын арттыру қағидасында түйеқұсқа субсидия қарастырылмаған. Алайда тауық етіне және күркетауыққа субсидия қаралған. Егер де мұндай шаруашылықтар саны артып, дамып келе жатса, онда біздің тараптан ұсыныс енгізуге әрқашан дайынбыз. Нұрсұлтан Ақжолов, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды