Алматыда тағы бір көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Тілендиев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty_Joly Telegram-каналының хабарлауынша, жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес, орташа жөндеу жоспарына Тілендиев көшесінің Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7 шақырым учаскесі енгізілді. 

24 тамыз сағат 23:00-ден 25 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. 


"Жабық учаскені Сәтбаев көшесі, Брусиловский көшесі және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылады".Almaty_Joly Telegram-каналы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты