Алматы зообағы сүйікті жануарыңызға жақындауға мүмкіндік бермек

Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағы "Қарбызды жаз" акциясын бастады. Алматы тұрғындары мен қонақтары зообаққа қарбыз апарып, 3 адамға арналған сыйлық сертификатын ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақ қызметкерлерінің айтуынша, биыл Алматыда жаз ерекше ыстық болып тұр. Осы жағдайда мамандар зообақтағы жануарларды ыстықтан қорғау үшін оларға барынша қолайлы жағдай жасап жатыр.

"Көптеген жануарларға арнайы су сепкіштер орнаттық, барлық жануарларға таза, салқын су беріп жүрміз. Оларға ыстықтан қорғау үшін су беріп қана қоймай шөл қандыратын тәтті қарбыз да беріп тұрамыз. Сондықтан біз "Қарбызды жаз" акциясын ұйымдастырып отырмыз. Жануарларымызға арнайы әкелген әр бір қарбыз үшін бір отбасының 3 адамына сыйлық сертификатын береміз", - деп хабарлады Алматы хайуанаттар бағы Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар акцияға қатысушы әр адам арнайы тізімде көрсетілген жануарлардың бірін тамақтандыруына (әрине, жануар қауіпті болмаса) болады. Акцияның өтетін мерзімі: 25 тамыздан 10 қыркүйекке дейін.

Акция шарттары:

1. 8 701 676 85 85 хабарласып, өтініш қалдырыңыз.

2. Қарбызды зообақтың қызметтік кіреберісіне әкелу.

3. Сыйлық сертификатын алыңыз.

4. Таңдаған жануарыңызды тамақтандырыңыз.

5. Сүйікті жануарыңызбен селфи.

6. Зообақ аумағын аралап, серуендеп, демалып қайтыңыз

Қазақстан
Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша

Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды