Мерекелік шарада қыз баланы ток ұрды: Қостанайға елордалық дәрігерлер келіп жетті

Сурет: Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы
Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ұзынкөл ауданындағы қызға медициналық көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараның қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, аудандағы мерекелік іс-шара (көпіршік кеші)  барысында қаз баланы ток соққан болатын.

Облыс орталығына екі дәрігер келіп жетті: "Астана медицина университеті" КеАҚ балалар анестезиологиясы, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова және Ұлттық нейрохирургия орталығының Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Сапарбек Сейітбеков.

"25 тамызда Ұзынкөл ауданында кәмелетке толмаған баланың жағдайы ауыр екендігі жайлы хабар келіп түсе салысымен, облыстық реаниматологтар оқиға орнына санавиациямен ұшып шықты. Тексеруден кейін бала Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір қыз  бала сол жерде барлық қажетті ем-дом шараларын алып жатыр. Қостанайлық дәрігерлер санавиация желісі арқылы республикалық деңгейдегі мамандармен, өз әріптестерімен бірнеше рет кеңескен. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан екі маманды жіберу туралы шешім қабылдады. Қостанайлық дәрігерлер өз кезегінде кішкентай науқасқа барлық қажетті көмек көрсету үшін бар күш-жігерін салуда", - деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды