Синоптиктер 1 қыркүйекте күн райы қалай құбылатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан бойынша 1 қыркүйекке арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың тауларында қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында күн ашық болады.

"Республика бойынша күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман түседі", – деп хабарлады синоптиктер.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +14+16°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз