Қазақстанда отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмектесуге арналған бірыңғай телефон нөмірі пайда болады

Сурет: pixabay
ҚР Цифрлық даму министрлігі Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтер тізбесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізбеге мына жол енгізілді:

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы – 111.

Бұл нөмір барлық қазақстандықтарға ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық сипаттағы тегін байланыс қызметтерін, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуді, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша бастапқы кеңес беруді қамтамасыз етеді.

Құжат 18 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды