6 қыркүйек күні Қазақстанның шығысында жаңбыр жауады

Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстандағы 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады.

"Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанды", - дейді синоптиктер.

Республикада күн күркіреп, екпінді жел соғады. Солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соғатын жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды