Астанада Республика даңғылы үш күнге жабылады

Сурет: gov.kz
Астанадағы Республика даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астана қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылы бойындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады".Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елорда тұрғындары мен қонақтарына  қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екені ескертіледі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады