ХІ азаматтық форумның облыстық кезеңі бастау алды

2023 жылдың 5 қыркүйек күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен "Асыл мұра – Орда" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Әділетті Қазақстанның" қалыптасуындағы азаматтық қоғам бастамарының дамуы" атты ХІ Азаматтық форумның облыстық кезеңі өтті.

Форум бұл жолы Жаңақорған аудандық "Талдысу" тынығу лагерінде өткізіліп, оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, үкіметтік емес сектор жетекшілері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысып, азаматтық қоғамды дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Форумды "Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының" заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ізден Анар Жарылқасынқызы жүргізіп, спикерлер баяндамаларын оқыды.

Сурет: Үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығы

Екі жылда бір рет өткізілетін Азаматтық форум еліміздің басты демократиялық дәстүрлерінің бірі әрі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ашық пікір алысатын үнқатысу алаңы саналады. Ашық пікірлесу алаңына айналған форумда алғашқы болып қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов сөз алып, аймағымыздағы "үшінші сектордың" даму барысына, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен көмектерге тоқталып өтті. Қоғамдағы салмақты мәселелерді шешіп жүрген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және билік институттары бас қосқан форумның негізгі мақсаты да қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі қолданбалы идеялар мен бастамаларды көтеріп, азаматтық белсенділермен бірлескен жұмыс жоспарын талқылау болды.

Сурет: Үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығы

Биылғы жылы Азаматтық форумның облыстық кезеңіне барлық аудандар мен қаладан арнайы өкілдер қатысып, құнды ұсыныстар, өзара түсіністік пен қолдау, ашықтық пен азаматтық бағытында бірқатар сұхбат алаңдары құрылды. Форум барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта өңірдегі азаматтық сектордың жұмысын дамыту бағытында ұсыныс-пікірлерін айтып, бірқатар маңызды мәселелерді талқыға салды. Форум жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Екі күнге ұласқан азаматтық форум қатысушы қонақтардың табиғат аясындағы демалысымен жалғасады.

Сурет: Үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығы

Сурет: Үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығы

Қызылорда
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: