Алматы облысындағы бір ауылдың оқушылары мектепке такси жалдап, барып жүр

Сурет: pexels
Алматы облысы Панфилов ауылы Арқабай ауылы тұрғындары автобус тапшылығына байланысты балаларын мектепке таксиге салып жіберетіндерін айтады. Өйткені ауылда мектеп жоқ, сондықтан мұндағы оқушылар жақын маңдағы бес елдімекенге қатынап оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Автобус керек" деп арызданған ауыл адамдары қалаға қатынаудан да қалған. Тұрғындар "жолы жасалмаған, жарығы қосылмаған елдімекенге ешкім бас сұққысы келмейді", - дейді. Ауылдағы мәселелерді жауаптылар шешуге құлықсыз, деп хабарлайды Almaty.tv

"Әр балаға 15-20 мың теңгеден таксиге төлейміз. Бағасы қымбат, бір үйде 4-5 бала оқитын отбасы бар", – деді ауыл тұрғыны Ақбота Мұсылманова.


Панфилов ауданының әкімі автобус мәселесінің күнтізбеде тұрғанын айтады. Білім бөліміне ұсыныс хат та берген. Ол аймақта автобус тапшылығы барын жасырмайды.

"Түзусайдағы Арқабай ауылында мектеп жоқ. Балалар 5 мектепке тасымалданады. Білім бөліміне хат жолданды, жауап күтеміз", – деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев.

Әкімдікке айтары бар халықтың мұң-мұқтажы бүгін толық шешім таппады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, саяжайға ауыл статусы берілуі керек, жол мен жарық мәселесі содан кейін қарастырылады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі