Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуі ЭКСПО аумағында тікелей эфирден көрсетіледі

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Футбол жолы" спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді.

Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.

Сондай-ақ жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.

Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер қауым ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі