Ақтөбеде 10 жасар қыз алаяқтардың құрбаны болды

Сурет: Zakon.kz
Белгісіз әйел үй телефонына қоңырау шалып, 10 жасар қызға оның анасының жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, анасын жауапкершіліктен құтқару үшін көп ақша қажет екенін айтқан.

Өзін тергеуші ретінде таныстырған әйел тіпті телефонды қыздың анасына бергендей кейіп танытқан.

"Анасы" жылаған дауыспен баладан үйдегі барлық жинақ ақшаны беріп жіберуді өтінген. Бұдан әрі алаяқ 10 жасар қызға 700 мың теңге көлеміндегі ақша салынған пакетті өзінің сыбайласына қалай беру керектігін айтқан.

Анасының қиындыққа тап болғанына сеніп, шошып қалған бала ақшаны олар айтқан нұсқау бойынша беріп жіберген. Анасы үйге келгеннен кейін ғана баланың алаяқтарға алданғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол өзінің кінәсін мойындап, әлеуметтік желі арқылы белгісіз адаммен кездескенін айтты. Ол оған жұмыс ұсынған. Міндет – жәбірленушіден ақша алу және барлық соманы көрсетілген "жұмыс берушінің" шотына аудару болған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өңірде алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінгендер саны артып барады.

Алаяқтар жәбірленушілерге туыстары апатқа ұшырағанын айтып қоңырау шалып, зардап шегушілерді емдеу немесе қылмыстық істі тоқтату үшін қажет деген сылтаумен ақша талап етеді. Полиция қызметкерлері мұндай қоңырауларға сенбес бұрын, анық-қанығына көз жеткізу керек екенін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады