Солтүстік Қазақстанда астықтың 60 пайызы жиналды

Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан диқандары егіннің 60 пайызын жинады. Өнім бірден астық сақтау орындарына жеткізілуде.

Өңірде үзіліссіз 48 элеватор жұмыс істеп тұр. Жалпы сыйымдылығы 6,9 млн тонна. Мамандар қойма тапшылығы болмайтынын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторларға астықты кептіру мақсатында 19,7 мың тонна дизельдік отын бөлді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай алғысы келетін кәсіпкерлерден өтініш қабылдануда. Биыл теріскей диқандары 4,5 млн гектар алқапқа тұқым сіңірген болатын. Астықтың орташа өнімділігі гектарынан 10,5 центнер.

"Ауа райына байланысты 10 күндей, екі жұманың арасында аяқтауға мүмкіндік бар. Қоймаларға 500 мың тонна түсті. Көбінесе 3-класс болады." Мейрам Меңдібаев, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды