Қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдік ұсталды

Сурет: freepik
Қарағанды облысының полицейлері Алматыдан қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған Ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды тұрғыны арызданған. Жәбірленушіге бейтаныс біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажет екенін ескерткен. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


"Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматыдан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Тергеу кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады". Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді