Сібір жарасына байланысты Абай облысындағы ауылдардың біріне енгізілген төтенше жағдай жойылды

Сурет: pixabay
Абай облысының әкімдігі сібір жарасы бар деген күдік расталмағандықтан, Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Жетіжар аулында залалсыздандыру жұмыстарының аяқталуына байланысты төтенше жағдай режимі жойылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынында ПТР сынамасының нәтижесі теріс шықты, қан мен жара сұйықтығы сынамасынан аурудың белгілері анықталған жоқ. Сол жақ бет аймағында стафилококк-стрептококк карбункулы анықталды.

Қазіргі уақытта ер адам емделіп жатыр, жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты.

20 қыркүйекте Абай облысындағы ауылдардың біріне сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық баған орнатылды. Ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Төтенше жағдайдың себебін анықтау мақсатында тексеру жүргізілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы