Соңғы екі айда "отбасылық тирандардың" саны 3 есе көбейген

Сурет: pexels
Бүгін Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер тәртіп сақшылары келген кезде агрессорларға қарсы өтініш жазудан бас тартып жатады.

Былтырдың өзінде осындай 70 мыңнан аса дерек анықталды. Ал екі ай бұрын заңға енгізілген түзетулер зардап шеккендердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік берді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша полицияға 100 мыңнан аса арыз түседі.

"Егер мамыр және маусым айларында әкімшілік жауапкершілікке осындай 5 мың 300 адам тартылса, шілде және тамыз айларында олардың саны 16 мыңнан асты. яғни, 2 есе ұлғайды." Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз