Жетісу облысында қоқыс полигондарына жауапты әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Жетісу облысы аумағында рұқсат құжаттары жоқ 37 қоқыс полигондары жұмыс істеген. Соның салдарынан Текелі және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында қоршаған ортаға зиян келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін экология департаменті жергілікті атқарушы органдардың назарын осы бұзушылықтарға аударған.

Алайда олар шара қабылдамағандықтан табиғатты қорғау прокуратурасының іске араласуына тура келді.

"Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудан әкімінің 3 орынбасары және аудан әкімдігінің 1 бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 344-бабы (экологиялық талаптарды бұзу) бойынша жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға кірісті.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды