Петропавлдағы тұрғын үйде өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды

Сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Петропавлда 27 қыркүйекте тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Пәтердегі барлық бөлме түтінге толы болды, жатын бөлмесінде жеке заттар жанып жатты. Біз бөлмелердің бірінде бала бар екенін білдік, баланың өзі 101 қызмет диспетчері Жанерке Жиентаеваға видеоқоңырау арқылы қай жерде екенін көрсетті. Оны сол жерден таптық, ол терезе алдында отырып, ашық терезе арқылы демалып отырған. Оны көтеріп, кіреберістен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Жол бойы оны мүмкіндігінше тыныштандырдым. Осы кезде үйде күтіп отырған үш баламды есіме алдым". Азаматтық қорғау аға сержанты Балқат Токин

Алдын ала ақпарат бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан. Өрт сағат 14:34-те сөндірілді. 5 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Нақты себебі мен шығын анықталып жатыр.

Өрт кезінде 12 жасар бала құтқарылды. Ол денсаулығына келтірілген залал дәрежесін анықтау үшін ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды