Алматы полициясы тағы бір жалған террористті ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
26 қыркүйекте "102" пультіне байланыс операторларының бірінен белгісіз біреу кеңсесін жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетті. Ғимаратта комиссиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.

"Біздің бөлімше қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ әріптестермен бірлесіп жалған террористі ұстады. Ол 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Мұндай заңсыз әрекеттер төтенше жағдайлар мен құқық қорғау органдарының айтарлықтай күштері мен ресурстарын жұмсауға әкеп соғатыны баршаға мәлім. Айта кетерлігі, кінәлі адам жауапқа тартылумен қатар, сот шешімімен жалған қоңырау шалғаны үшін шығынды толығымен төлейді", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Дархан Әбіқұлов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды