Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жыл басынан бері қылмыс деңгейі 27,8% төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда полицияның сервистік моделі енгізіліп жатыр. Сервистік қызмет – бұл кез келген мәселе бойынша құқықтық тәртіпті қорғаушыларға жүгіну азаматтар үшін қолжетімді дегенді білдіреді. Жаңа модель аясында жергілікті бюджет есебінен мегаполисте қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жұмыс істейтін және полиция мен жергілікті тұрғындар арасында әріптестік қатынастар орнатуға бағытталған 30 заманауи учаскелік пункт пен 16 сервистік орталық ашу жоспарланған. Осы жобаларды сәтті іске асыру үшін "Қауіпсіз қала" бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе мен ҚР ІІМ белсенді жұмыс жүргізіп отыр.

Алматыда алғашқы осындай учаскелік пункт (УПП) осы жылдың тамыз айында Наурызбай ауданындағы Алем Сити-1 тұрғын үй кешенінде ашылды. Бұл тұрғын үй кешенінде аулаларда, кіреберістерде, сонымен қатар, іргелес аумақтарда бейнебақылау камералары қойылды, бұл құқық қорғау органдарына ауданның қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.


"Біздің УПП алдымызға бірқатар маңызды міндет қойып отыр. Ең әуелі біз өз аймағымызда қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Бұл оқиғаларға жылдам әрекет етуді және қылмыстың алдын алуды қамтиды. УПП ақпаратқа жылдам қолжеткізу үшін байланыс, бейнебақылау және мәліметтер базасымен қамтамасыз етілген. Осының арқасында біз сын-қатерге жедел ден қойып, тергеуді тиімді жүргізе аламыз", – деді Алматы қаласы ПД УМПС учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Айтан Елеусізов.

Оның айтуынша, УПП-ның тұрғын үй кешенінде орналасуы учаскелік инспекторға тұрғындармен тиімді қарым-қатынас жасауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

"Біз үшін тағы бір маңызды міндет – тұрғындармен өзара қатынасты күшейту. Біз алматылықтардың бізге кез келген уақытта хабарласа алатынын білгенін қалаймыз. Сондықтан халықпен кездесіп түрлі іс-шараға қатысамыз", – деп учаскелік полицейлердің ҚР ІІМ Академиясында оқып жатқанын айтты.

Сервистік орталықтар туралы айтсақ, олар азаматтардың көмегіне шұғыл назар аударуға, жағымсыз оқиғалардың алдын алуға, қалалық полиция бөлімшелерінің жүктемесін азайтуға, сонымен бірге құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Полицияның сервистік орталықтарында тегін қызметтердің 55 түрі, оның ішінде көші-қон, әкімшілік заңнама және басқа да заң мәселелері бойынша консультациялар көрсетіледі. Мұнда психолог, медиатор жұмыс істейді. Сервистік орталықтарда ресепшн, күту аймағы, балалар бұрышы қарастырылған.

ІІО жүйесінде учаскелік полиция инспекторлары ең көп функционалды полиция қызметін ұсынады. Олар құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің, тұрғыншағын аудандармен елді мекендердегі азаматтардың қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Биыл 8 айда учаскелік инспекторлар 2 мың 211 қылмысты ашып, 63 мың 811 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы Алматыда қылмыс 27,8%-ға төмендеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы