Ақтөбелік полицейлер шайханаға баланы тастап кеткен әйелді іздеп жатыр

Сурет: polisia.kz
29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады.

Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бір қалыпты.


"Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді. Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды