Еліміз бойынша 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 1 қазанға арналған синоптикалық жағдайдың болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерінде әлі де жаңбырдың жаууына ықпал ететін төмен қысымды өрістер мен атмосфералық фронттар жүреді, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыз бойынша тұман тіркеліп, оңтүстік-шығыс, күндіз орталық өңірде екпінді жел тұрады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда өңірінің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында өрт қаупті сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

Президент жаңа судьяларды тағайындап, кейбірін қызметінен босатты

Қазақстан неге шетелден қарыз алады? Қаржы министрі түсіндірді

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен аптап ыстық қатар жүреді – ауа райы болжамы

"Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды