Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірді деген 31 жастағы күдіктінің 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2 қаңтар күні Павлодардағы полицияның кезекші бөліміне тұрғыны өзі келді. Ер адам 2022 жылғы қыркүйектің ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ер адам сол күні өзі тұрып жатқан үйде алкоголь ішіп, танысы екеуінің арасында жанжал шыққан кезде оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйітті өзі тұрған үйдің ауласына көмген". Павлодар облысының полиция департаменті

Бұл факт тіркелді, тергеушілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды