Маңғыстауда тоғыз айда 700-ге жуық мас жүргізуші анықталды

Сурет: pixabay
Жыл басынан бері облыс бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзудың 80 591 дерегін анықтады.

Оның ішінде 671 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 6637 жүргізуші құжатсыз көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 7839 жаяу жүргіншіге белгісіз жерде жолды кесіп өткені үшін айыппұл салынды.

5676 жүргізуші техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқарды.

Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама жасақталды, 1908 жүргізуші техникалық байқаудан өтпегені үшін осы баптың 9-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін