Ұлытау облысының әкімі өңірде қандай жолдар жөнделгенін айтты

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының облыстық мәслихат депутаттарының алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебінде өңірде жол жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысының сөзінше, республикалық маңызы бар жолдар бойынша көлік саласында, атап айтқанда Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңарту бойынша (433-946 шқ) 513 шқ конкурстық рәсімдер қазанда аяқталады.

"Қызылорда – Жезқазған (216-424 км) 208 км автожолын қайта жаңарту" жобасы бойынша конкурстық рәсімдерді аяқтау 2023 жылдың қазан айының соңына дейін жоспарлануда. Жезқазған – Арқалық автожолының учаскесі бойынша 20 шақырымнан 13 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон төселді".Ұлытау облысының әкімі

Облыстық маңызы бар жолдардың жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыс шеңберінде "Қаражал – Атасу" (0-28) автомобиль жолын қайта жаңарту жалғасуда, 4 шақырым салынып, 1 млрд. теңге бөлінді.

"Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан, Домбауыл кесенесі" 0-19, 5 шқ автожолының құрылысына 1 млрд теңге бөлініп, 4,3 шқ жол салынды.

2,4 млрд теңгеге 36 ш автожолға орташа жөндеу жүргізілді ("Самарқа – Атасу-Айнабұлақ" 15 шқ, "Қаражал-Шалғия" 5 шқ, "Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай – Сәтбаев" 15 шқ).

"54,4 шқ көше және орамішілік жолдар жөнделді, оның ішінде: Жезқазған қаласы бойынша 1,6 млрд теңгеге 14,7 шқ, Қаражал қаласы мен Жәйрем кенті бойынша 1,1 млрд теңгеге 17,8 шқ, Сәтбаев қаласы бойынша – 710,5 млн теңгеге 4,8 шқ, 1,1 млрд теңгеге Ұлытау және Жаңаарқа аудандары бойынша 17,1 шқ жол жөнделді".Ұлытау облысының әкімі

Сонымен қатар өңір басшысы "Ауыл – ел бесігі" аясында 1,1 млрд теңге сомасына 9 АЕМ-де 45 шқ жол жөнделгенін атап өтті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: