Ұлытау өңірінде 15 мектеп автобусы сатып алынды

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысында оқушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 15 мектеп автобусы сатып алынды. Бұл жөнінде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы облыстық мәслихат депутаттарына берген есебінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берік Әбдіғалиұлы бұған қоса  "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Қабанбай батыр кентінде 300 оқушыға арналған мектеп салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Абай атындағы мектеп-интернатының оқушыларына 200 орындық жатақхана салынуда (1,4 млрд тенге). 2 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді (1 – Жезқазған қаласында, 1 – Қаражал қаласында). 438 млн теңгеге 45 пәндік кабинет сатып алынды".Берік Әбдіғалиұлы

Өңір басшысының айтуынша, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 320 орындық балабақша облыстық бюджет қаражаты есебінен салынып жатыр. 

Сондай-ақ ол "Ұлытау" мемлекеттік техникалық университеті құрылғанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады