Одан бөлек, анимациялық фильмдерді дыбыстаумен айналысатын компаниялар белсенді емес, дейді министр. Жыл басынан жарияланған үш конкурсқа бір де бір компания қатыспапты. Ведомство басшысы, БАҚ өкілері арасында пікірталас тудырған Масс медиа туралы заң жобасына қатысты да пікір білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазақстандық компаниялар шетелдік кинопродюсерлердің қойған критерийлеріне сәйкес келмейді. Нақтырақ айтқанда, дубляждау жайы. Сондықтан, шетелдің жаңа, әрі танымал фильмдері көрерменге қазақ тілінде ұсынылмай жатыр. Министр, дубляжбен киноматографияны қолдау орталығы айналысатынын жеткізді. Сұранастың жоғары екені ескеріліп, қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, деді.
Биыл бірнеше рет байқау жарияладық, өкінішке қарай, біздің өндірушілерді шетелдік компаниялар талапқай сай емес деп тапты. Оларда фильм, мультфильм өндірушілері сұрайтын нақты сертификат жоқ. Мен сала өкілдерімен кездестім. Біз қазір заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз, олар критерийлер бойынша конкурсқа қатыса алмайды , бұл бағыттағы жұмыс күнтәрбітінде тұр. Жалпы, жыл соңына дейін шетелдік 5 анимациялық фильм қазақ тілді көрерменге ұсынылады. Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
"БАҚ туралы" заң моральдық тұрғыдан ескірген. 20 жылдан астам уақыт ішінде ақпараттық сала толығымен өзгерді. Ал, "Масс-медиа туралы" заң жобасы БАҚ сауалдарын қарау мерзімін қысқартуды, шығармашылық гранттық қаржыландыруға көшуді, БАҚ материалдарына талап қою мерзімін белгілеуді көздейді, деді. Оған қоса, журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама жасау, баспасөз картасы арқылы аккредиттеуді жеңілдету жайы да бар.
Ал жалпы, баспасөз карталарын енгізуге қатысты айтар болсам, жаһандану технологиялық заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бұл сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетуге жасалған іс-әрекеттер. Бұл сіздер туралы мағлұмат, алып келетін техникаларыңыздың мағлұматын пресс қызметкерлерге қағаз түрінде емес пресс-карта артқала жасауға болатын жеңілдетілген түрі. Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Министр заңды жыл сайын толықтырып отыруды қолдайтынын айтты. Сондай-ақ,телерадиоарналарда мемлекеттік тілде хабар таратуды 50 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру ұсынылып отыр. Өйткені, Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл үдеріс 2025 жылдан бастап жыл сайын 5%-ға арттыру көзделген.