СІМ Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталғанын хабарлады

СІМ Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталғанын хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2026 10:50 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 14 наурызда, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңірінен қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстарының аяқталғаны туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы саны 10 275 адам Қазақстанға оралды.

Эвакуация әртүрлі бағыт арқылы жүргізілгені атап өтілді. Оның ішінде жерүсті және әуе жолдары пайдаланылды.

"Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен жұмысты үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатты және азаматтарға қажетті көмек көрсетті", – делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: