Шымкентте құрылыс иесінің қалтасын қаққан күдікті қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Қаратау аудандық полиция басқармасына жаңадан баспана тұрғызып жатқан ер адам шалбарының қалтасындағы 250 мың теңгесі мен қуаттағышта тұрған Samsung A10S телефоны жоғалғанын айтып арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркелді. Полицейлер оқиға болған маңдағы бейнекамералар тексеріліп, куәгер болуы мүмкін тұлғалардан жауап алынды.

Күдікті ретінде жергілікті жас жігіт анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Ұрлық болатын күні үй иесі құрылыс алаңына келіп жұмысшыларға көмектескені белгілі болды. Түскі ас уақытында ол телефоны мен қомақты қаражатын темір контейнердің ішінде қалдырып, жанындағылармен тамақтануға кеткен. Осы сәтте көше бойынан өтіп бара жатқан жас жігіт есігі ашық қалған контейнердің ішіне кіріп, ақша мен мүлікті алып кеткен.

"Ұрланған смартфонды күдікті өзі пайдаланып жүрген жерінен анықтадық. Ал қаржатты жұмсап жіберген. Қазіргі таңда, телефон да, ақша да заңды иесіне қайтарылды. Жинақталған құжаттар айғақтармен бірге сотқа жолданды". Қаратау АПБ-ның анықтаушысы Нұрсейт Телғара
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан