Қазақстанда мемлекеттік мүлік нысандарының фотосы мен геолокациясы көрсетілген цифрлық профильдері жасалады

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 18:22 Фото: gov4c.kz
"Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов 2026 жылғы 22 қыркүйекте ОКҚ брифингінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанасыл Оспанов мемлекеттік мүлікті бытыраңқы есепке алудың орнына e-Qazyna.kz экожүйесіне көшу жоспарланып отырғанын айтты.

"Біз мемлекеттік мүлік нысандары мен басқару субъектілерінің цифрлық профильдерін енгізіп жатырмыз. Олар нысандардың бүкіл өмірлік циклін көруге, ал субъектілерге өзекті деректер негізінде басқаруға мүмкіндік береді. Платформа есептік деректерді нысандар туралы нақты ақпаратпен біріктіреді. Жүйеде нысандардың өзекті фотосуреттері мен нақты географиялық координаттары сақталады. Сондай-ақ ғарыштық мониторинг деректерін нақты уақыт режимінде пайдалану жоспарланып отыр", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл платформа пайдаланылмай тұрған және артық нысандарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

"Сондай-ақ іріктеу және салыстыру модулі енгізіледі. Ол мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін мемлекетте бар активтермен салыстыруға мүмкіндік береді, яғни бюджет қаражаты есебінен жаңа мүлік сатып алмас бұрын, жүйе қолда бар активті пайдалануға бола ма, жоқ па екенін тексеруге көмектеседі. Бұл жаңа сатып алуларға деген қажеттілікті азайтып, мемлекеттік мүлікті тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді", – деп толықтырды спикер.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: