Елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі 7 қазанда Израильдегі қазіргі ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. Мәлімдемеде сенім телефондары нөмірлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшіліктің Facebook желісінде жарияланған мәлімдемесінде қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керектігі айтылған.

"Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі барша (әсіресе, елдің оңтүстігіндегі) қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді". Қазақстанның Израильдегі елшілігі

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары: +972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).

Бұған дейін Air Astana Тель-Авивте жүрген әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шараларды жасап жатқанын хабарлады.

7 қазан таңертеңнен бастап Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы Израильді жаппай атқылай бастаған. BBC-дің жазуынша, ХАМАС тобының шабуылы салдарынан Израильде 250 адам қаза болған, 1,8 мыңға жуық адам жарақат алған. Ал Израиль жағының жауап ретінде берген соққысынан Газа секторында кемінде 232 адам мерт болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды