Ақмола тұрғынынан заңсыз үш мылтық тәркіленді

Сурет: polisia.kz
6 қазан күні Ақмола облысы полиция департаментінің Біржан-сал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қару” ЖПІШ өткізу барысында жергілікті тұрғындардың бірінен тіркелмеген 3 бірлік қаруды, гильзалар мен оқтарды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін полиция бөліміне ауыл тұрғыны атыс қаруын ұстайтыны туралы ақпарат келіп түскен болатын. Тексеру және іздеу барысында 33 жастағы ауыл тұрғынының үйінен полицейлер тіркелмеген МР-233 ЕА маркалы 12 калибрлі атыс қос ұңғылы мылтықты, тіркелмеген шағын калибрлі мылтықтардың екі бірлігін, олардың біреуі оптикалық көздеуімен, оқтар мен гильзаларды тәркіледі. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Біржан-сал ауданы ПБ тергеу бөлімімен бұл факті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды