Алматыда пиццериядан смартфон ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды

Сурет: polisia.kz
Алматыда пиццериядан смартфон ұрлаған тұрғын видеоға түсіп қалды. Полиция қызметкерлері жеке мүлікті ұрлады деген күдікпен 32 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Ол Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан пиццерияның қызметтік бөлмесінен iPhone телефонын ұрлады деген күдікке ілінді. Бейнебақылау камералары ұрлықтың нақты хронологиясын анықтады: қаскөй терезеге арқылы басқа біреудің телефонын ұрлап кеткен сәт түсірілген. Күдікті оқиғаға қатысы барын жоққа шығармайды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді". Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер