Алматыда тұрғынға күш қолданып, телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Қылмыс Жетісу ауданында, Назарбаев даңғылы мен Тобаяқов көшесінің қиылысында болған.

Арызданушының айтуынша, белгісіз біреу физикалық күш қолданып, IPhone телефонын ашық түрде иемденіп, сол арқылы 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

"Жәбірленушінің сөзіне сүйене отырып, қаскөйдің сұлбасы жасалды. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін