Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаеваның айтуынша, ол қауіпсіз, төзімді және тез тазарады.
"Қазіргі жөндеу жұмыстары кем дегенде алдағы бес жылда эстетикалық көріністі сақтауға мүмкіндік береді. Жиі бояуды қажет етпейді және әдемі, заманауи көрінеді", - деп атап өтті Назира Тоғызбаева.
Бүгінде Алматыда шамамен 74 жер үсті және 56 жер асты өткелдер бар, олардың басым бөлігіне биыл ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
"Биыл біз материалдардың сапасы бойынша бірыңғай ұсыныстар әзірледік. Біз тек негізгі ұсыныстарды береміз, бірақ қаланың барлық жерінде жер асты көріністері әр түрлі болады. Жер асты өткелдерін жарықтандыруға келетін болсақ, біріншіден, адамдар оларды алыстан көруі керек, екіншіден, оларға кіргенде өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Сондықтан, барлық жобаларда қазір бізде ЖБО-ға шығарылатын камералар қойылуда, яғни полиция бұл жағдайда бұзушыларды көріп, табады.
Сондай-ақ, бізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, балалары бар адамдар мен велосипедшілердің жер асты өткелдерін пайдаланудың ыңғайлылығы туралы мәселе жиі туындайды. №7 қалалық аурухананың жанындағы өткелде жоба бойынша бастапқыда ыңғайлы түсу, пандус бар екенін көруге болады.
Бірақ бұрын салынған кейбір жерасты өткелдерінде оны салудың техникалық мүмкіндігі жоқ. Әдетте көтергіштер немесе лифттер бар, әсіресе жер үсті өткелдерінде. Олардың жартысы, өкінішке орай, жұмыс істемейді, бір жерде жабдық дұрыс емес. Олар бойынша да қазір жұмыс жүргізілуде, жыл соңына дейін біз барлық көтергіштер мен лифттерді жөндеуді жоспарлап отырмыз – бұл барлық жер үсті және жер асты өткелдеріне қатысты", - деп атап өтті Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов.
Ол көптеген нысандарды түрлі мердігерлер жөндейтінін және заң бойынша қызмет көрсетудің негізгі кепілдігі екі жыл екенін айтты. Алдағы уақытта өткелдерді дұрыс ұстауға және олардың жай- күйіне аудан әкімдіктері толық жауап беретін болады.