Оралдағы балабақшада сорпаға күйіп қалған баланың жағдайы әлі ауыр

Сурет: видео скрині
Оралдағы "Балбөбек" мемлекеттік балабақшасында сорпаға күйіп қалған үш жасар қыздың жағдайы әлі ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, бала аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың беті, кеуде тұсы мен аяғы күйген. Есін біледі, тамақты өз бетінше ішеді, бірақ әлі біраз уақыт ем қабылдауға тиіс.

Оқыс жағдайдан кейін балабақшаның меңгерушісіне қатаң сөгіс берілді. Ал тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан шығарылды. Тергеу жүріп жатыр.

"ІІ, ІІІ дәрежелі күйік. Көлемі 20-25 пайыз деңгейде. Ауырсынуға қарсы, интенсивті шокқа қарсы емдерін қабылдауда. Жаралары күнделікті байланып, танылып жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты ауыр. Екі-үш аптадан бастап, бір айға дейін созылатын ем ғой".Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Болат Әлібаев
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды