Техниканың жаңа түрі "Digital bridge" көрмесіне қойылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Жоба авторы Американың "ARC" компаниясы. Мекеменің техникалық директоры Әлібек Ертай, бұған дейінгі дрондар тек 5 келіге дейін ғана көтеруге қауқарлы болғанын айтады.
Ал, жаңадан құрастырылған аппарат ауыр салмақты тез жеткізіп береді.
"Жиырма келіге дейін көтере алады. Бір сағат ұшады далада. 42-45 км жылдамдықпен ұшып жүреді. Біз Қазақстанда бұларды алып келмей, осы жақта жасағымыз келеді. Екіншіден, осы жақта тасымалдауды бастағымыз келеді." Әлібек Ертай, "ARC" компаниясының техникалық директоры
Түрлі креативті идеямен, смарт технологияның соңғы үлгісімен жасалған осындай түрлі жобалар көрмеге қойылды. "Қазақстан IT мемлекет", "Жасанды интеллектті пайдаланудың сын-қатері мен тәуекелдері", "Жасанды интеллект шығармашылық ортаны қалай өзгертеді" сынды түрлі тақырыптарда панельдік сессиялар да ұйымдастырылды. Маман ретінде жауап берген кинорежиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов жасанды интеллект актерлердің көмекшісі болатынына сенімді.
Жасанды интеллектті өзіміз жасап отырмыз. Баламыз сынды. Біз дұрыс тәрбиелейтін болсақ, ол бізге көмектесетін болады. Тимур Бекмамбетов, кинорежиссер және продюсер