Алматы қалалық әкімдігі көптің ашуын туғызған желідегі видеоға қатысты түсінік берді

Сурет: pixabay
Бүлінген асфальт үстіне салынған жол белгісі алматылықтардың ашуын туғызды. Қала әкімдігі Zakon.kz тілшісіне аталған жағдайға байланысты түсінік берді.

Әлеуметтік желіде жол жөндеу жұмысшыларының "туындысы" жарияланды.


"Қараңыздаршы. Менің сөзім жоқ. Бояудың сыры кеппеген, жаңа ғана жағылған, бүлінген учаскенің үстіне жаға салған", - дейді видео авторы.

Қала әкімдігі аталған видеомен танысқандарын, №153 мектеп-гимназиясы жанында қалалық мобильділік басқармасы жол-жөндеу жұмыстарын жүргізбегенін атап өтті.

"Бұл мекен-жай бойынша Наурызбай ауданының әкімдігі жол шұңқырларын жамау жұмыстарын жүргізген, бірақ ол толықтай аяқталмаған. Яғни, құрылыс материалдарының қалдықтары алынбаған, сондықтан жол таңбалау көлігі ол арадан жүріп өткенде аталған жағдай орын алған".

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жарияланған олқылықтың 2023 жылдың 7 қазанында таңертең  жойылғаны да нақтыланады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі