Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берілді

Сурет: pixabay
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы маңындағы тауларға саяхаттау жоспарын бірнеше күнге кейінге қалдыра тұруға кеңес береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, қатты жауын-шашын болжамына байланысты 13-14 қазан аралығында Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда көлбеу ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде туристерге, Алматы қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шықпауға кеңес береміз", делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.

13 қазанда кешке қарай Медеуге қар жауғаны белгілі болды.

Синоптиктер Алматыда жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп болжаған, бірақ кешке қарай Медеуге қар аралас жаңбыр жауды. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді