Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады

Сурет: primeminister.kz
16 қазанда республика бойынша қоңырау шалуға арналған бірыңғай нөмір іске қосылды. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 111 нөміріне тәулік бойы хабарласа алады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетіледі.

"Бұл шаралар азаматтар, әсіресе әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы мемлекеттің уақытылы көмек көрсетуінің тиімді құралына айналады, сондай-ақ өңірлер бойынша аса өткір проблемаларға мониторинг жасау үшін деректер көзі болмақ", — деді Тамара Дүйсенова.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған