Тараздық тұрғын пәтер кезегіне қоюға уәде берген алаяққа 600 мың теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Полицияға 56 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, арыз жазған. Азаматша жаз мезгілінде оңалту орталығындағы жұмысында мүгедек ұлын баспанаға кезекке қоюға уәде берген пациентпен танысқан.

Бұл қызметі үшін 600 000 теңге сұраған. Аталған ақшаны алғаннан кейін, таныс әйел байланысқа шығуды тоқтатқан.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 63 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті әйел өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі