Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген

Сурет: polisia.kz
Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген, Алмалы ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ақша табудың "қарапайым" әдісін ойлап тапты. Көліктерді жалға алып, GPS-ін алып тастап, үшінші адамдарға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзандатылған бағамен сатып жіберген. Ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Тергеудің осы кезеңінде 1985 жылы туған О.есімді азаматтың осыған ұқсас алаяқтықтың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Азаматтарды егер оны таныған жағдайда, бізге мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35". Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты