Соның бірі, мекеме атқарылмаған жұмысқа ақша аударған. Қала әкімдігіне қарайтын мекеме 60 млн теңгеге жуық қаржыны өзге мердігер қалтасына салып берген. Іс жүзінде қала ішінде тұруы тиіс ақпараттық пилон тақтайшалар орнатылмаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал, абаттандыру жұмыстары тек құжат жүзінде жүргізілген. Алайда мекеме "мүлтіксіз жұмыс жасалды" деп мердігерге қомақты қаржы аударады.
Сондай-ақ, саябақтардағы жалға беру орындарынан түскен 7 миллион теңгеге жуық қаржы қазынаға түспеген. Тендерден табыс тапқан тазалық мекемесінің соңғы 3 жылда бірде-бір конкурс өткізбегені анықталып отыр.
"Бұл мекеменің мемлекеттік сатып алу процесін ашықтығы жоқтығын көрсетті. Яғни, бізде мысалы 3 жылдың ішінде 1 500-ге жуық осындай келісімшарт жасалған. Бірақ оның біреуі мемлекеттік сатып алудан өтпеген, яғни, әрбір кәсіпкерлік субъектелірімен тікелей отырған." Дәурен Омаров, Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары