Ауылына қонаққа барған ақтөбелік қалаға қайтатын такси таппаған соң өзгенің көлігін ұрлаған

Сурет: polisia.kz
Алға ауданының полиция бөліміне 31 жастағы азамат Ваз-2110 автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданды. Есет батыр ауылының тұрғыны көлігін түнде аула сыртына қойып, таңертең орнынан таппай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбенің 36 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Автокөлік иесіне қайтарылды.

Сол күні күдікті ауылға қонаққа барған және алкогольдік ішімдік ішкен. Ақтөбеге қайтуға такси таппаған ол таңға жуық көшеде тұрған Ваз-2110 автокөлігін байқаған. Аңғал көлік иесі көлігінің есігін бекітпей, кілтін де ішінде қалдырған. 

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз айдап кету") қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды