Қазақстанға Қытай туристері көптеп келуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
2024 жыл Қытайда ресми түрде "Қазақстан туризмі" жылы деп жарияланды. Осы ретте елімізге шығыстан саяхатшылар көптеп келеді деген болжам бар.

"Ашық алаң" саяси ток-шоуында екі елдің қарым-қатынасын талқыланды. Жыл сайын 150 млн-нан аса Қытай азаматы шет елдерде қыдырып, 250 млрд доллар жаратады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл отандық туризм үшін үлкен мүмкіндік. Саяхатшыларды елге тарту үшін инфрақұрылымды жақсартып, әуе рейстерін көбейту керек дейді сарапшылар.

Визасыз тәртіптің енгізілуі де барыс-келістің артуына ықпал етпек. Қазірдің өзінде еліміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін аспан асты елінен туристер келіп жатыр.

"Қазір автобустар жетпей жатыр дейді. Шарынның айналасында, Көлсайдың айналасында туристер барып тоқтайтын, тамақ ішетін жерлер, дәретханалар барлығы өте жақсы деңгейде дайындалған. Қазіргі жетпей жатқан нәрсе соларды тасуға автокөліктер жетпей жатыр дейді." Жақсыбек Құлекеев, қоғам қайраткері
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр