Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Қайғылы оқиға 18 қазанда сағат шамамен 19:10-да Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылының маңында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 жастағы мотоцикл жүргізушісі далалық жолдан басты жол Самара – Шымкент автожолына шыққан кезде Өзбекстан азаматының басқаруындағы DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі автожолда Әйтеке би ауданы жағынан Қызылорда облысына қарай жүріп келе жатқан. Жол апаты салдарынан мотоцикл тізгіндеген Құмтоғай ауылының тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында ажал құшты.

Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінің болмағаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көліктің техникалық жай-күйін үнемі бақылауда ұстауға, тиісті санатсыз және құжатсыз көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды