Республика күніне орай Таразда ардагерлер арасында қолөнер байқауы өтті

Республика күніне орай Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында "Қолөнері" байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараның ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, жылы лебізін білдірді.

"1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, стратегиялық мақсат-міндеттеріміз айқындалды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тұңғыш қадам болды. Сондықтан да бұл мерекенің тағылымы терең, мәні зор." Дәуір Дәулетов

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айшықты азаттығымыздың арқасында ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихаттауға жол ашылды. Міне бүгін ұйымдастырылып отырған "Қолөнер" байқауы – осының жарқын мысалы.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Бұл байқаудың мақсаты ата әжелеріміздің ұмыт болып бара жатқан қол өнерін жастар арасында насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп, дүниежүзіне қазақтың қол өнерін паш ету", – деген Дәуір Рысбайұлы қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бейнелеу және сәндік қолтаңбалы өнер бойынша талантты ардагерлерді анықтап, олардың шығармашылығын қолдау және дамытуды мақсат тұтқан шара барысында қатысушылар тамаша қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Байқаудың нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: