Қанат Айтпаев: Қазақ тілі пәнін мемлекеттік тіл сабағы деп атау керек

Сурет: Zakon.kz
ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Қанат Айтпаев мемлекеттік тілдің сабағын арттырып, беделін көтерудің тиімді амалын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Айтпаев ол үшін еліміздегі барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылатын қазақ тілі пәнін МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САБАҒЫ деп атау керектігін айтады.

"Еліміздің ең басты ұйыстырушы күші, елдігіміздің ең басты анықтауышы - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ екені Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлт өкілдерінің санасына бала кезден, мектеп қабырғасынан бастап сіңірілуі керек. Ол үрдіс жоғары оқу орындарында жалғасын табуға тиіс. Мемлекеттік тіл сабағына қатыспау, бұл пәннен нашар баға алу - мемлекетке құрметсіздік болатыны қоғамдық санада бекітілуі керек. Мемлекеттік тіл мемлекеттік рәміздердің қатарына қосылып, заңмен қорғалуы керек", делінген Қанат Айтпаевтың Facebook-тегі жазбасында.

Мәдениет қайраткері бұл шаралар еліміздегі мемлекеттік тілдің шоқтығын биіктетіп, дәрежесін айқындайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды